Полицейлер деструктивті діни ағымды насихаттаған күдіктіні ұстады
Полицейлер деструктивті діни ағымды насихаттаған күдіктіні ұстады
405
оқылды
Департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, 32 жастағы  қала тұрғыны синтетикалық есірткі сатқан. Сонымен қатар терроризмдi насихаттаған.

– Тергеп-тексеру  барысында, бұл азамат ДАИШ тобының содырларына қосылуды жоспарлаған. Бірнеше рет таныстарымен терроризмді насихаттаумен айналысқан, – деді Нұрхат Кенжебайұлы.

Сот психологиялық-филологиялық сараптамасы ол мәлімдемелері арқылы терроризмді насихаттағанын анықтаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында кінәлі азамат өз кінәсін мойындады.

Сот оны есірткіні сақтағаны және сатқаны, сондай-ақ терроризмдi насихаттағаны үшін кінәлі деп тапты. Күдікті өз кінәсін мойындағанын ескеріп, оны 6 жылға бас бостандығынан айырды.