Пакьяо Конор Макгрегормен жекпе-жекке шығуға келісті
Пакьяо Конор Макгрегормен жекпе-жекке шығуға келісті
343
оқылды
Филиппиндік боксшы, әлемнің экс-чемпионы Мэнни Пакьяо UFC-дің бұрынғы чемпионы, ирландиялық Конор Макгрегорға қарсы жекпе-жекке келісім берді. Бұл туралы Aykin.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтей отырып хабарлайды.

Bloody Elbow агенттігінің айтуынша, жекпе-жек міндетті түрде өтеді. Себебі басылымға Пакьяоның көмекшісі Джейк Джонсон жекпе-жектің болатыны туралы хабарлаған.

Мэнни Пакьяо жекпе-жектен түскен қаражаттың көп бөлігін коронавируспен зардап шеккен Филиппин халқына көмек ретінде жіберетіні белгілі болды. Екі спортшы да жекпе-жектің 2021 жылға жоспарланғанын растады.