Қазақстанда 5 қазаннан бастап жаңа шектеулер енгізіледі
Қазақстанда 5 қазаннан бастап жаңа шектеулер енгізіледі
5,196
оқылды
Ведомствоаралық комиссия қазақстандықтарға 5 қазаннан бастап бірқатар шектеу енгізуге шешім қабылдады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Қазақстан бірқатар елдерге әуе қатынасын жаңартпайды және Түркияға ұшулар санын азайтады.
«Ведомствоаралық комиссия 5 қазаннан бастап басқа елдерге әуе қатынасын жаңартпауға,  әуе қатынасы қалпына келтірілген елдерге рейстер санын арттырмауға, Тұркияға рейстер санын қысқартуға шешім қабылдады», — деді Цой.
Еске сала кетейік, министр бұған дейін Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанына қарамастан карантин қатаңдатылуы мүмкін екенін айтқан болатын.