«Шекараны енді жаппаймыз, интернет бұғатталмайды» – Мирзияев дамудың жаңа принципін жеткізді
«Шекараны енді жаппаймыз, интернет бұғатталмайды» – Мирзияев дамудың жаңа принципін жеткізді
177
оқылды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев ұстаздар күніне орай Ташкентте өткен шараға қатысты. Ол өз сөзінде Өзбекстанның бүгінгі жағдайына тоқталып, шекараны жаппайтынын және интернетті бұғаттамайтынын жеткізді.

– Өзбекстан бүгінгі таңда ашық ел. Біз ескі ұғымдар мен түсініктерден арылуымыз керек. Шекарамызды себепсіз жаппаймыз, интернет барлығына қолжетімді болады әрі бұғатталмайды. Осы орайда БАҚ өкілдеріне тағы да өз ризашылығымды білдіргім келеді. Олармен қарым-қатынаста болмаған басшылардың болашағы бұлыңғыр, – деді Өзбекстан басшысы. Шавхат Мирзияев шенеуніктердің үлкен сынақ алдында тұрғанын айтты. Бұл өтпелі кезең екенін жеткізді. – Олардың арасында кейбіреуі бұл сынақтарға төтеп бере алмай, журналистердің сұрағынан қашып, БАҚ саласының өркендеуі мен шыншылдық дыбысын естуді қаламай тұрғаны көрініп тұр. Шенеуніктер шындықты естіп, сынға жауап беруі керек. Әйтпесе біз олармен қоштасамыз, – деді президент.