Мектептер мен кинотеатрлар ашылатын болды
Мектептер мен кинотеатрлар ашылатын болды
317
оқылды

Үндістан үкіметі 15 қазаннан бастап мектептер мен колледждерді, сонымен қатар кинотеатрлар мен ойын-сауық парктерін ашуға рұқсат берді. Бұл туралы Aykin.kz тілшісі dauletten.kz сайтына сілтей отырып хабарлайды.

«Қашықтан оқытуға да рұқсат етілген. Сабаққа қатысу мәжбүрлі түрде емес ата-аналардың рұқсатымен болады»,– делінген хабарламада.

Үндістанда короновирустық инфекцияның 6 225 763 жағдайы анықталды. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің соңғы есебіне сәйкес 97 497 мың адам қайтыс болған. Үндістан инфекция жұқтырғандар саны бойынша АҚШ-тан кейін екінші, өлім-жітім жағынан АҚШ пен Бразилиядан кейін үшінші орында тұр.