Аймағамбетов: ұстаздардың жалақысы екі есе артады
Аймағамбетов: ұстаздардың жалақысы екі есе артады
183
оқылды
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 1-2 жылдың ішінде ұстаздардың жалақысы екі есе артатын айтты. Бүгінгі «Үздік педагог – 2020» байқауының жеңімпаздарын марапаттаған Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұстаздарды төл мерекесімен құттықтады.
 «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, ең басты маман ол – ұстаз. Өйткені ұстаз барлық маманды тәрбиелейді, бәріне білім береді. Бүгінде мемлекетімізде ұстаздардың мәртебесін көтеру, оларға тиісті жағдай жасау үшін үлкен іс-шаралар басталып, жүзеге асырылуда», - деген министр шара барысында биыл 1 қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өсетіні айтты.
Жалпы 1-2 жылдың ішінде ұстаздардың жалақысы 2 есе артатын болады. «Педагогтардың мәртебесі туралы арнайы Заңның аясында 70-тен астам бұйрық пен қаулы қабылданып, қолданысқа енгізілді. Өте үлкен проблемалар болды. Оны білеміз. Осы мәселелерді шешу үшін ел Президентінің тапсырмасы аясында кешенді жұмыстар іске асырылды», - деді ол. Асхат Аймағамбетовтің атап өтуінше, Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесінде биыл «Алтын белгі» алған түлектердің ішінде мұғалім мамандығын таңдағандар 2 есе өсті. 1 қыркүйектен бастап педагог мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттердің шәкіртақысы 26 мыңнан 42 мыңге дейін артқанын жеткізді.