Онлайн дауыс беру оңай – Праймериз-2020
Онлайн дауыс беру оңай – Праймериз-2020
309
оқылды
Түркістан облысында праймериздің дауыс беру кезеңі жоғары деңгейде өтіп жатыр. Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше партия мүшелері 1 қазан түнгі 00.00-ден бастап өз таңдауларын жасауға кірісіп кетті. Солардың бірі – Нариман Мархабаев. Нариман ең жас сайлаушылардың бірі. 19-ға толған жалын жас Келес ауданындағы «Жастар ресурстық орталығында» инспектор болып қызмет атқарады.

– Праймериздің онлайн форматта өткізілуі дұрыс шешім болды. Біріншіден, пандемия кезінде тұрғындардың қауіпсіздігі сақталды. Екіншіден, сайлаушылардың уақыты үнемделді. Онлайн дауыс берудің еш қиындығы жоқ, ыңғайлы ойластырылған және оңай екен. «Праймериз» ақпараттық жүйесі жақсы жасалған. Барлық кандидат туралы дерек бар. Мен ауданның, облыстық дамуына үлес қосады-ау деп сенім артқан бірнеше үміткерге дауысымды бердім. Үздіктерді осылай ашық таңдаған жөн, – дейді ол.

Түркістан облысынан 1-3 қазан аралығында өтетін дауыс беруге 78262 партия мүшесі қатысады деп жоспарланған. Олар 245 бастауыш партия ұйымдарына бекітілген.