Кандидаттар үгіт-насихат пен жария пікірсайыс кезеңінде ауыл шаруашылығын дамыту, өңірдің инфрақұрылымын ретке келтіру және өзге де мәселелерді қозғаған болатын. Мақтааралдық партия мүшелері осы азаматтардың арасынан үздіктерді таңдауға мүдделі. Соның ішінде диқандар қауымының да праймеризге атсалысуы – саяси белсенділіктің жоғары екенінің көрінісі.
Аудандағы 5 сайлау учаскесінде дәстүрлі бюллетень арқылы дауыс қабылданса, бүгін 8 орында онлайн дауыс беріліп жатыр.