Ерлер жағы алда келеді – Праймериз-2020
Ерлер жағы алда келеді – Праймериз-2020
5,322
оқылды

Алматыда праймериз қатысушыларына дауыс берудің үшінші күнінде Медеу және Алатау ауданы дауыс берушілердің саны жағынан көш бастады (79 және 77% дауыс). 

Ал белсенділігі төмен аудандардың қатарынан Алмалы және Бостандық ауданы көрінді (56 және 59%). Гендерлік құрам жағынан айтар болсақ, әзірге ер азаматтар алда келеді және 4 қатысушы-әйел ғана межелі дауыс деңгейінің 50 пайызына ие болған. Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, веб-сайт және мобильді қосымшалар арқылы онлайн дауыс беру мерзімі 4 қазан күнгі сағат 14.00-ге дейін өтеді. Бұл партиялықтар мен праймериз кандидаттарының партия ұйымдастыру комитетіне өтінішіне байланысты.