Қала әкімі дауыс берді
Қала әкімі дауыс берді
280
оқылды
Шымкент қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы М.Әйтенов Қаратау ауданында орналасқан 27 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап, праймеризге қатысушыларға дауыс берді. Қала басшысы праймериздің мақсаты арамыздан қабілетті, білімді, шынайы көшбасшыларды табу екенін атап өтті.
"Бұл саяси додаға кәсіпкерлер, құрылысшылар, медицина мамандары, мұғалімдер, жалынды жастар, көпбалалы аналарға дейін қатысып жатыр. Мен сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруді жөн деп санадым. Дауыс беру біздің бірінші парызымыз, біз дұрыс таңдау жасауымыз керек, - деді ол.
Партия филиалының төрағасы барлық қатысушылардың үгіт-насихат жұмыстары мен жария пікірсайыстарын мұқият бақылағандығын да атап өтті.
"Мен толығымен праймеризге қатысушылардың бағдарламаларымен таныстым. Көптеген ұсыныстар партия филиалы сайлауалды бағдарламасына енгізіледі. Мен өзінің ойын, пікірін халыққа дұрыс жеткізе алатын, қабілеті бар кісіге дауыс бердім", - деді қала басшысы.
Айта кетейік, Шымкентте 35197 партия мүшесі бар. Оның 47-і БПҰ, 10658-і білім саласында, 4663-і денсаулықта және 864-і кәсіпкерлік саласында болса, 1317-іқұрылыс саласының өкілдері. Ресми деректерге сүйенер болсақ, 3 қазан сағат 12-00-дегі жағдай бойынша Шымкент қаласында 24 680 партия мүшесі кандидаттарға дауыс беріп үлгерген.

Н.Назарбек, Шымкент қаласы.