ПТР-тестілеусіз жолаушылар қалаға жіберілмейді
ПТР-тестілеусіз жолаушылар қалаға жіберілмейді
283
оқылды

Еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №54 қаулысын іске асыру шеңберінде қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматы халықаралық әуежайында ҚР Мемлекеттік шекарасында санитарлық-эпидемиялық шараларды қатаңдату жөнінде қаулы қабылдады.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қаланың Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ж.Бекшинмен бірге әуежай аумағында халықаралық рейстердің жолаушыларын қарсы алу бойынша қызметтерді үйлестіру және жедел өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыс семинар-кеңесін өткізді.
жолаушы Семинар-кеңес барысында ПТР-тестілеуді өткізу туралы анықтамасыз жолаушыларды анықтау үшін жолаушыларды отырғызу және адамдарды жерге қондырған сәтінен бастап уәкілетті құрылымдардың іс-қимыл алгоритмі пысықталып, нұсқама жүргізілді.
Алматы халықаралық әуежайының аумағында халықаралық жолаушылар әуе рейстерімен келетін адамдардың байланыссыз термометриясы жүргізіледі. Әуежай қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Әуежай аумағында міндетті маска режимі және әлеуметтік қашықтықты сақтау талабы сақталады.
Алматы әкімдігінің тапсырмасы бойынша әуежай ғимаратында ұшып шығатын жолаушылар үшін ПТР-диагностикаға лицензияланған сынама алу пункті ашылды. Дене қызуы жоғары немесе ауру белгілері (жөтел, ентігу, тыныс алудың қиындауы) бар адамдар Алматы қаласы әуежайының оқшаулағышына орналастырылады немесе әуе кемесінің бортынан жедел жәрдем машиналарымен дифференциалды диагностика мен емдеу жүргізу үшін қаланың инфекциялық стационарларына жеткізіледі.
Жұмыс тобы қалаға ПТР-тестілеусіз келетін жолаушыларды уақытша ұстауға арналған қонақ үйлердің дайындығын да тексерді. Мұнда ПТР-сыз адамдардың уақытша болуы, оқшаулауды қамтамасыз ету және санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздіктің өзге де талаптарын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасалған.
жолаушы ҚР Бас мемлекеттік дәрігерінің қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту кезінде өзге елдің азаматтары қолдарында COVID-19-ға алынған тесттің нәтижесі 72 сағаттан аспағанын көрсететін анықтама болмаған жағдайда, қалаға кірулеріне жол берілмейді. Шетелден анықтамасыз келген ҚР азаматтары әуежай аумағынан ПТР-тестілеуді өткізу үшін және нәтижелерді күту кезеңінде уақытша мегаполистің қонақ үйлеріне орналастырылады.
Өз кезегінде, бұған дейін ҚР инфрақұрылым және Индустриялық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті әуе компанияларына ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтама болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын жолаушыларды бортқа жібермеуді тапсырған.