Алматыда 7 оқушыдан коронавирус анықталды
Алматыда 7 оқушыдан коронавирус анықталды
147
оқылды
Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда қыркүйекте 7 оқушы коронавирус жұқтырғанын айтты. 
«7 оқушы да қашықтан оқып жүріп коронавирус жұқтырған. Балалар бір-бірімен тікелей араласқаны анықталып отыр. 4 оқушы індетті туыстарынан жұқтырғаны белгілі болды. 2 оқушы медициналық мекемелерге ЖРВИ белгілерімен келген кезде анықталды. Бронх демікпесінен санаторий-курорттық емделу алдында 1 оқушының коронавирусты жұқтырғанын анықтадық», - деді ол.
Бекшиннің айтуынша,  балабақшада коронавирус ешкім жұқтырмаған.