Темекі өнімдерінің бағасы 2023 жылға дейін қымбаттайды
Темекі өнімдерінің бағасы 2023 жылға дейін қымбаттайды
315
оқылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысымен темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленді, деп Aikyn.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтей отырып хабарлайды.

Сонымен, бір қорап темекінің (20 дана) бөлшек сауда бағалары:
  • 2020 жылдың 1 қазанынан бастап 2020 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда 470 теңге;

  • 2021 жылдың 1 қаңтарынан 2021 жылдың 30 маусымына дейін 500 теңге;

  • 2021 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін 520 теңге;

  • 2022 жылдың 1 қаңтарынан 2022 жылдың 30 маусымына дейін 550 теңге;

  • 2022 жылдың 1 шілдесінен 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін 570 теңге;

  • 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 600 теңге.

Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.