Доллардың орнын басар жаңа валюта дайындалып жатыр
Доллардың орнын басар жаңа валюта дайындалып жатыр
225
оқылды

Америкалық журналист Билл Сарди қазіргі індетті «таратушы» болып саналатын қағаз доллардың орнына қауіпті болмайтын валютаны АҚШ билігі дайындап жатқанын мәлімдеді.

Журналист сондай-ақ Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк пандемия кезінде қағаз ақшаларға тыйым салып, әлемге ортақ сандық валюта енгізу жөнінде талап қоюы мүмкін екенін де айтты. Себебі бөлшек саудамен айналысатындар коронавирустық инфекцияның тасымалдаушысы деп қағаз ақшадан бас тартып жатыр. Қазір АҚШ валютасы мен тиындарынан бас тарту жүріп жатыр. Тиындар жетіспеушілігіне байланысты тұрғындар тиындарын банктерге апаруы керек. Ал АҚШ-тың Қаржы министрлігі сандық валюта енгізу мәселесін талқылап жатыр. Бұл бір жағы ел қазынасы пайда алып келеді. Мәселен ақшаны басып шығаруға жұмсалатын жыл сайынғы шығындардың 700 млн долларын үнемдеуге септігін тигізеді. Бәрінен бұрын бұл дағдарыс қолма-қол ақшамен сауда жасайтын және көбінесе банктік шоттары жоқ шағын кәсіпкерлерге әсер етеді. Тағы бір айта кетерлігі, банкноттарды күміске немесе платина мен палладийге ауыстыру –  одан бас тартудың тағы бір жолы.