Атырауда карантин режимін бұзып, дәмхана- мейрамханаларда той жасағандар анықталды
Атырауда карантин режимін бұзып, дәмхана- мейрамханаларда той жасағандар анықталды
333
оқылды

Атырау полицейлері мобильдік топ құрамында жұма- жексенбі күндері карантин режиміне сай талаптарды орындамаған ондаған той иелерін анықтады.

Атап айтқанда, Атырау ықшам ауданындағы 17 көшедегі үйде 40-50 адам, ал Мечников көшесіндегі үйлердің бірінде 30-40 адаммен той өткізілген.

Студенттер көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінде өтіп жатқан тойда 80 адам, Алмагүл ықшам ауданындағы мейрамханада тойланған туған күнде 50-60 адам,  Тайманов көшесіндегі мейрамханада  50-60 адам жиналған той анықталды.

"Жерұйық" ықшам ауданында орналасқан мейрамханалардың біріндегі караоке барда 15-20 адам анықталды.

Сонымен қатар, Лесхоз ықшам ауданындағы және Владимирский көшесінде орналасқан.екі кальян бар иелері де карантин режиміне қатысты тиымдарға қарамай, жұмыс жасаған.

Анықталған деректерге қатысты жинақталған құжаттар Атырау қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.