Түркі келешегі – татулықта
Түркі келешегі – татулықта
235
оқылды

Тайталасқа түсіп, тұрақты­лы­ғынан айы­рылып, тоқырауға ұшырай бастаған төрт­күл дү­ниеде түркі әлемі татулығы мен тұ­­тастығын сақтаса, ке­лер замандарға бауы­­ры бү­тін, төрт құбыласы түгел же­тіп қана қоймай, өркениет төрі­нен орын ала алмақ. Әзірбай­жан астанасы Бакуде «түр­­кі әле­­мі­­нің ақсақалы» деп құр­мет­те­ле­­тін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қа­тысуымен түр­кітіл­дес елдердің саммиті өтті.

Қысқаша «Түркі кеңесі» аталатын Түркітілдес мем­лекеттердің ын­ты­мақтастығы кеңесінің 7-отыры­сында Нұрсұлтан Назарбаев Өз­бек­стан пре­зиденті Шавкат Мир­зиёев­ті және бүкіл өзбек хал­қын осы кеңес­ке толыққанды мүше болуымен құттықтады.

– Кеңестің құрамына Өзбекстан­ның мүше болуы – бүкіл түркітілдес қауымдастық үшін тарихи әрі көптен күткен оқиға, – деп бағалады Қазақстан­ның Тұңғыш Президенті.

Сонымен қатар ол Будапеште Түркі кеңесінің өкі­л­дігін ашу – ын­тымақтастықтың Еуропа векто­рын дамытуда ерекше маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ Елбасы Қырғыз­стан­ның Түркі кеңе­сіне төраға қыз­метіндегі жұмысын жоғары ба­ға­лады.

– Маған «Түркі кеңесінің Құрметті төрағасы» мәр­тебесін беру туралы ұсынысы үшін Түркия пре­зиденті Режеп Тайып Ердоғанға алғыс білдіре­мін. Осы бастаманы қолдағандарыңыз үшін бар­шаңызға ризамын. Бұл жоғары мәртебе маған ор­тақ ұйымымыздың жұмысына одан әрі белсенді қа­тысуға мүмкіндік береді, – деді Н.Назарбаев.

Елбасы Түркі кеңесінің құрылу тарихына және осы жылдардағы жетістіктеріне тоқтала кетті.

– Мерейтойлық межеге біз жақ­сы жетіс­тік­тер­мен жеттік. Бірін­шіден, жаһандық тұрғыда да, өз ішімізде де ұйымға сұраныс бар еке­нін әрі оның өзектілігін дәлел­дей алдық. Екіншіден, кеңестің қатары Өзбекстан және Венгрия есебінен то­лықты. Бұл – біздің бірлескен жылнамамыздың жаңа парағы. Үшіншіден, елдеріміз сал­мақты инс­титуттық архитектура қа­лыптастырды. Төртін­шіден, кеңес­тің өңірлік және халықаралық деңгей­дегі саяси және экономикалық бе­делі өсіп келеді. Бе­сін­шіден, «Түркі әлемі интеграциясының тұ­жы­­рым­­дамасы» қабылданды, – деді Тұңғыш Президент.

Ол Түркі интеграциясы процесін жалғастырудың маңызына екпін түсіре келе, Түркі кеңесін одан ары да­мыту бойынша екі ұсыныс айтты.

– Біріншіден, «Түркі келешегі – 2040» бағ­дар­ламасын әзірлеу. Бұл құжатқа түркітілдес қо­ғам­дастықтың ұзақмерзімді мақсаттары мен оған қол жеткізу жолдары енгізілуі тиіс. Осылайша, біз мемлекеттеріміз үшін сыртқы саясат пен «жұм­сақ күш» саясаты, сауда және транзит, ту­ризм және инвестиция, энергетика мен жасыл эко­номика, шағын және орта бизнес сияқты басым бағыттардағы ынтымақтастықты нығайтуға ай­тар­лықтай серпін береміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар ол іс-шаралар бағдарламасына мәдениет және білім беру, жастар саясаты мен ден­саулық сақтау, цифрландыру және жасанды интеллект салаларын енгізу қажетін нықтады.

Сондай-ақ Елбасы «түркі әле­мінің бесігі» сана­латын Түркістан қаласын бірлесе дамытудың маңы­зына назар аударды.

– Екіншіден, болашақта кеңесі­міздің атауын қайта қарауды ұсы­намын. Түркітілдес мемлекеттер ын­тымақтастығы кеңесін (ТМЫК) ұйым деңгейіне дейін көтеруге болады деп санаймын. Осылайша, біздің құрылымды «Түркітектес мемлекеттер ұйы­мы» (ТМҰ) деп атауға болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Саммит аясында Қазақстанның Тұңғыш Пре­зи­денті Өзбекстан көш­басшысы Шавкат Мирзиёев­пен кездесті. Кездесу бары­сын­да Нұрсұлтан Назарбаев Ш.Мирзиёев­тің басшылығымен қол жеткізіл­ген өзбек елінің әлеуметтік-эко­номикалық дамуының нәтиже­леріне мән берді.

– Қазақстан мен Өзбекстан – өте жақын және маңыз­ды серіктес. Өзара тауар айналымы 2,5 миллиард долларға жетті. Бұған дейін мұн­дай көр­сет­кіштер болған емес. Бұл жақсы перс­пек­тива­ға жол ашып отыр, – деді Елбасы.

Өз кезегінде Шавкат Мирзиёев екі елдің табыс­ты ынтымақтастығына көбіне Қазақстанның Тұң­ғыш Президентінің салиқалы саяса­тының ар­қасында қол жеткізілгенін айтты. Сондай-ақ ол Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында өтіп жат­қан іс-шаралардың орындалу барысы жөнінде ха­бардар етті.

Н.Назарбаев Түркия президенті Режеп Ердо­ғанмен жүздесті. Елбасы мен түрік лидері түркі әлемі елдері интеграциялық үдерісінің қазіргі жағ­дайы мен алдағы перс­пек­тиваларын талқылады. Со­н­ымен қатар тараптар аймақтық қауіпсіздікті жә­не Еуразия құрлығы мемлекеттерінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелері жөнінде пікір ал­масты.