Елбасыны Сингапурға қонаққа шақырды
Елбасыны Сингапурға қонаққа шақырды
5,202
оқылды

Дариға Назарбаева Сингапурды Қазақстанға инвестиция салуға ша­қыр­ды. Ел Парламенті Се­­натының төрағасы Син­гапурдың аға министрі – ұлттық қауіпсіздік мәсе­лелері жөніндегі үйлесті­руші министр Тео Чи Хинді қабылдады.

Жоғарғы палата басшысы Қазақстан тәуелсіздіктің ал­ғашқы жылдарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Син­гапурдың бірінші премьер-ми­нистрі Ли Куан Ю негізін қалаған достық қатынасты жоғары ба­ғалайтынын атап өтті.

«Біз сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бай­ланыстарды нығайтуға, Қа­зақстанға Сингапур инвести­циясын тартуға мүдделіміз», – деді ол.

Дариға Нұрсұлтанқызы осы орайда «Астана» халықаралық қаржы орталығының құрылуына байланысты бизнес үшін тар­тымды жағдай қалыптасып отыр­ғанын жеткізді: «Син­гапур­л­ық компаниялар Орталық Азия және ЕАЭО елдерімен ынтымақ­тас­тық­та «Астана» қаржы орта­лы­ғы­ның әлеуетін пайдалануға мүм­кін­­діктері бар. Бұл халқы 160 мил­лион адамнан асатын қар­қын­ды дамып келе жатқан ке­лешегі бар аймақ», – деді Д.Назарбаева.

Тео Чи Хин ЕАЭО мен Син­гапур арасындағы еркін сауда айналымы жөніндегі келісімді ратификациялаудың маңызына тоқталды. «Келісім Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерiнің қауым­дастығы мен ЕАЭО елдері ара­сын­дағы ынтымақтастыққа жаңа серпін береді», – деді Сингапур­дың аға министрі.

Сенат төрағасы Қазақстан­ның көлік-логистика әлеуетін дамыту жоспары туралы хабардар етіп, Сингапур қазақстандық компаниялардың Оңтүстік-Шығыс нарыққа шығуының қақпасы бола алатынын мәлім­деді. Ол Қазақстанның инвести­циялық тартымдылығын нығай­туға мүмкіндік беретін көлік-логистикалық хабта маңызды рөл атқаратын «Бір белдеу, бір жол» Қытай мегажобасының әлеуетіне назар аудартты.

Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға уағ­даласты. Дариға Назарбаева елі­мізбен, оның көрікті жерле­рімен және тұрғындарымен жақ­сы танысу мақсатында син­га­пурлық депутаттарды туристер ретінде келуге шақырды. Ол Сингапур мен Қазақстан ара­сында тікелей әуе бағытын ашуды ұсынды.

Тео Чи Хин Сингапур цифр­ландыру және мемлекеттік бас­қару саласындағы тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін хабарлады. Сондай-ақ Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақ­станның дамуына зор үлес қос­қанын және Сингапурдың жа­қын досы екенін айтты. Ол Елбасыны Сингапурға сапармен келуге шақырды.