Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қалыптасқан қоғамдық келісім үлгісі еліміздегі этносаралық қарым-қатынасты теңестірді.
Уақыт сынынан өтіп, әлемнің көптеген елі үшін тиімді үлгіге айналды. Біздің моделіміздің маңызды факторы – барлық этностардың бірлігімен Қазақстанның біртұтас халқы құралады.
Қазақстан әрдайым қазақстандық және халықаралық қоғамдастықта бейбітшілік пен келісім құндылықтарын ілгерілетуге ұмтылады. Содан болар Қазақстан жері өркениеттер диалогінің орнына айналды.
Қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу, саналы таңдау ретінде үйлесімді қатар өмір сүру – осының барлығы қазақстандық ұлттық құндылықтардың бір бөлігі.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында этносаралық келісім мен дінаралық өзара түсіністікті нығайтуды, сондай-ақ елімізде барлық этностық топтардың тілдері мен мәдениетін дамыту үшін жағдай жасауды жалғастыратынын мәлімдеді.
Бүгінде ассамблея құрамына Қазақстанның барлық этностарының басын қосатын 509 мүше кіреді. Ассамблея еліміздің 1 025 этномәдени бірлестігін біріктіреді, оның 28-і республикалық. Онда Қазақстан халқының бірлігіне үлкен мән беретін 408 мың адам жұмыс істейді.
Қазақстанда заңнамалық орган – Парламент Мәжілісінде этностық топтардың кепілді өкілдігі қамтамасыз етілген. Барлық тоғыз депутат ассамблея мүддесін білдіреді, яғни бұл белгілі бір этностық топтан сайланған болып табылмайды, олар – Қазақстанның барлық этностарының мүдделерін танытып отырған өкілдер.
Барлық өңірлерде ассамблеяның қамқорлығымен 2 786 Қоғамдық келісім кеңесі, сонымен қатар облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық деңгейлерде ірі кәсіпорын ұжымдарында 1 753 Аналар кеңесі құрылды. Олар жергілікті жерлерде халықтың өзекті мәселелерін шешуге белсенді қатысады. Кез келген қақтығыстың алдын алуда маңызды рөл атқарып отыр.
Тұңғыш Президенттің тапсырмасы бойынша, ҚХА қызметін ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету үшін 2009 жылы ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесі құрылды. Оның құрамында 52 ғалым, оның ішінде, 31 ғылым докторы, 12 ғылым кандидаты, зерттеу институттарының басшылары мен қоғам қайраткерлері бар. Барлық өңірлерде ғылыми-сараптамалық топтар құрылды. Өңірлік ЖОО-лар — осы топтардың ғылыми базасы. Барлығы қызметке 262 ғалым тартылды. Сонымен қатар Журналистер клубы жұмыс істейді.
Қазақстан халқы ассамблеясы кафедраларының қауымдастығы құрылды. Еліміздің жетекші жоғары оқу орындары мен колледждерінде ҚХА 42 кафедра-орталығы жұмыс істейді. Бұл жастарды мемлекет жүргізіп отырған этносаясат рухында оқытуды қамтамасыз етеді.
Ассамблея жастарға ерекше көңіл бөледі. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері жанында 138 жастар ұйымы жұмыс істейді. Оған Қазақстан халқы ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысына біріккен 6,7 мыңнан астам жас қатысады. Көпфункционалды ресурстық орталықтар ретінде, соның ішінде ассамблея жастары үшін 40 Достық үйі жұмыс істейді. Республикалық Достық үйі Алматыда орналасқан.
Жастар жылы аясында 2019 жылы ҚХА «Жаңғыру жолы» РЖҚ жол картасы жүзеге асырылуда. Онда маңызды жұмыстар қамтылып жатыр.
Біріншіден, бұл — «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының бағдарламасына белсене атсалысу. Іс-шара аясында, ассамблея қолдауымен «Менің жетістігімнің тарихы – менің елімнің жетістігінің тарихы» атты кездесу өткен болатын. Сондай-ақ JASTAR JYLY – DANGYL ZHOL республикалық жобасы сәтті жүзеге асты. Алматы қаласының Еріктілер лигасымен бірге NEET санатындағы жастарға волонтерлік сауалнама жүргіздік.
Сонымен қатар «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жеңімпаздары селфбрендинг тәжірибесімен бөлісіп, өз идеялары мен жобаларын ілгерілету бойынша «Өзіңді таныт» жобасы қолға алынды.
Ассамблея «Жас толқын 100+», «Көшбасшы бол!» республикалық форумдарының жоғары деңгейде өтуіне барынша ықпал болды. Осы форумдар аясында «Жарасым» РЖҰ мен Ресей халықтарының ассамблеясы жастар қанаты «Біз – ресейліктер» ұйымы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Жалпы, ассамблея іс-шараларды өңірлік деңгейде көп өткізеді. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында BIRLIK — 2019 халықаралық жазғы лагері және «100 жаңа есім: табысты болудың жолы» жазғы мектебі өтті.
Екіншіден, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы еліміздің барлық ірі қоғамдық-саяси іс-шараларға белсенді қатысады. Астанамызда алма бағын отырғызу идеясын ассамблея жастары бастамашы болып жүзеге асырғанын айта кету керек. Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында елорданың ботаникалық бағы аумағында Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Маминнің қатысуымен алма ағашының 6 түрінен 800 көшет отырғызылды. Оның бірі «Нұр-Сұлтан» деп аталды.
Ассамблеяның XXVII сессиясын дайындауға және өткізуге «Жаңғыру жолы» қозғалысы жастар өкілдерінің белсенді қатысуын ұйымдастырды. Сондай-ақ «Болашақ үшін естелік» халықаралық форумы аясында «Жаңғыру жолы» жастарымен #meninesimde акциясы өтті. Сонымен қатар «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің алдында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған флешмоб ұйымдастырылды.
Ассамблея жастары халықаралық жобаларға белсенді қатысуда. Тамыз айында «Жаңғыру жолы» қозғалысының өкілдері белсенді қатысқан Орталық Азия жастар фестивалі өтті. «Көпэтникалық» алаңында ассамблея жастары тренинг өткізіп, жұмысын көпшілікке үлгі етті.
Үшіншіден, «Жаңғыру жолы» қозғалысы өкілдері республикалық әлеуметтік жобаларға қатысты. Мәселен, Назарбаев университетінде өткен self-made Көшбасшылар жастар форумын оң нәтижеге қол жеткіздік.
Төртіншіден, ассамблеяның өңірлік іс-шаралары да айрықша. Мысалы, Қарағанды облысы Приозерск қаласында ассамблея қамқорлығымен «Сарыарқа жастары» аймақтық жастар форумы өтті. Форум жұмысында әлеуметтік жоба шеберханасының жаңа форматы ұсынылды. Онда әр топ өзінің әлеуметтік жобасын дайындап, таныстырды. Олардың ең үздігі әрі қарай іске асыруға қолдау көрсетті.
Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар бүгінде ассамблея жастары мемлекеттің әрбір маңызды іс-шарасына, елдің ішінде де, халықаралық ынтымақтастық шеңберінде оның мүдделерін ұсына отырып, елдің оң имиджін қалыптастыруға белсенді түрде қатысып отыр.
Ал біз, аға буын жастарды бірлік пен болашақ мақсат-міндеттерге қол жеткізуге талпынуға ықпал етіп, сабақтастық қағидаттарында тәрбиелеуге тырысамыз.
Шерзод ПУЛАТОВ,
Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары