Ұлттық Банк еліміздегі жоғары оқу орындарының студенттерін өндірістік тәжірибеден өткізеді
Ұлттық Банк еліміздегі жоғары оқу орындарының студенттерін өндірістік тәжірибеден өткізеді
275
оқылды
Ұлттық Банк еліміздің жоғары оқу орындарындағы дарынды студенттерін өндірістік тәжірибеден өткізіп, болашақта жұмысқа тартуды көздеп отыр. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. Үміткерлерге жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша бітіру курстарында оқу, үлгерімнің орташа балы (GPA) – кемінде 3.0 (білімді бағалаудың 4 балдық жүйесі кезінде) немесе кемінде 4.0 (білімді бағалаудың 5 балдық жүйесі кезінде) болуы керек деген талап қойылады. Іріктеуге қатысу үшін келесі құжаттарды жіберу қажет: 1. Тіркеу формасы; 2. ЖОО басшылығынан немесе ЖОО-ның факультет басшылығынан ұсыным хат; 3. Үлгерімнің орташа балын (GPA) көрсете отырып, өткен пәндер мен олар бойынша бағалар (транскрипт) көрсетілген құжат; 4. Студенттің ЖОО-да оқуын растайтын оқу орнынан анықтама; Қосымша келесі құжаттар ұсынылу мүмкін: Сонымен бірге шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы халықаралық сертификаттардың көшірмелері (IELTS, TOEFL және т.б.) болса, тіпті жақсы. Практиканы Ұлттық Банкінің барлық қызмет бағыттарында өту мүмкін. Студенттер ЖОО-да алған теориялық білімді практикада бекітуге және де дипломдық/магистрлік жобаны жазуға қажетті материалды жинақтауға мүмкіндік алады. Соңғы үш жылдың ішінде Ұлттық Банкте 134 студент өндірістік тәжірибеден өткен (2017 жылы – 37, 2018 жылы – 48, 2019 жылы – 49), соның ішінде бірлескен білім беру бағдарламалар шеңберінде «Нархоз Университеті» және «Назарбаев Университеті» магистранттары бар. Мемлекеттегі эпидемиологиялық жағдайына байланысты практика дистанционды форматта өту мүмкін.

Тұмар МЫРЗА