Екі аптада жемқорлыққа қатысты 15 басшыға сот үкімі шықты
Екі аптада жемқорлыққа қатысты 15 басшыға сот үкімі шықты
204
оқылды
Екі апта ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бұрын аяқталған қылмыстық істер бойынша 37 адамға қатысты 29 айыптау үкімі шығарылды, олардың 15-і түрлі деңгейдегі басшылар. Бұл туралы онлайн брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Екі апта ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бұрын аяқталған қылмыстық істер бойынша 37 адамға қатысты 29 айыптау үкімі шығарылды, олардың 15-і түрлі деңгейдегі басшылар», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов.
Оның айтуынша, 8 адам бас бостандығынан айырылса, 9 адамның бас бостандығы шектелді. Жалпы еселік айыппұл сомасы 100 млн.теңгеден астам еселік айыппұлмен – 19 адам сотталды.
«Жымқыру фактілері бойынша - 9, алаяқтық үшін – 12, пара бергені үшін - 13, пара алғаны үшін – 9 және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін – 2 адам сотталды», - дейді ол.