Астананың жаңа бас бапкері болып ресейлік маман Андрей Тихонов тағайындалды. Бұл туралы Aikyn.kz тілшісі футбол клубтың ресми сайтына сілтей отырып хабарлайды.
Кезінде Андрей Валериевич Ресей құрамасында және Мәскеулік «Спартак» клубында ойнады. Осы клубтың құрамында ол Ресей чемпионатында 8 рет жеңіске жетті. Мәскеу клубынан кейін Тихонов «Крылья Советов», «Химки», «Маккаби Тель-Авив» (Израиль) және «Локомотив» (Астана) клубтарында өнер көрсетті.
«Андрей Валериевич біздің клуб тарихындағы алғашқы капитаны болды, ол чемпионаттың ең үздік ойыншысы атағын, 2009 жылы күміс медаль жеңіп алды және ұзақ уақыт бойы клуб тарихындағы ең жақсы ассистенттер тізіміне енді», делінген ФК «Астана» сайтында.
Футбол мансабын аяқтағаннан кейін Тихонов футбол жаттықтырушысы болды, «Спартак», «Спарта», «Краснодар» және басқа клубтармен жұмыс істеді.
Еске сала кетейік, жақында «Астана» ФК уақытша бас бапкері Пол Эшворт өз қызметінен кеткен болатын. Ол клубта 2019 жылдан бастап жұмыс атқарған.