Дизайнер Сәбит Сырахан көз жұмды  
Дизайнер Сәбит Сырахан көз жұмды   
1,300
оқылды
Белгілі streetwear-бренд дизайнері Сәбит Сырахан (Bisen) қайтыс болды. Суық хабарды достары мен әріптестері әлеуметтік желі арқылы жеткізді. Шымкенттік рэп-орындаушы Hiro әлеуметтік желіде жазба қалдырды. "Бұл Нұрсұлтанның көзі. Бізбен бірге Сәбит @b1sen жоқ, бірақ оның логотипі әр жерде! Бұл символды көрмедім демеңіз. Ол жейде, көше, барлық жерде! Біз көшеге сенің атыңды береміз! Ескерткіш орнатамыз!" – деп жазды ол. Рэп-орындаушы желіге жүктеген stories-те дизайнер адам қолынан мерт болғанын жеткізді. "Бисен енді біздің жанымызда емес. Досымды тепкілеп өлтірді. Сау жері қалмады! Аяқкиімінен таныдық", – деп жазды Hiro.  width=Рэп-орындаушы Азамат Маркленов те желіде жазба қалдырды. "Кешірші бізді, күндердің бір күнінде міндетті түрде бірге жұмыс істейміз, бауырым. Сен әрдайым біздің жүрегіміздесің", - дейді ол.