«Жерлестері ағамызға үй салу жөнінде шешімге келдік. Алғашқыда санаулы азаматтан қаржы жинайтын болып келісілген. Алайда біз әлеуметтік желі беттерінде қысқаша ақпарат жарияладық. Содан кейін осы ауылда дүниеге келген, қазір еліміздің әр түкпірінде жүрген азаматтар да көмек қолын созатынын жеткізді. Небәрі үш күнде қомақты қаржы жиналды. Осылайша игілікті іске сыртта жүрген және ауылдағы ағайын бірге жұмылды. Асарға күніне 100 адамға дейін жиналған уақыт болды», – дейді мектеп мұғалімі Сәбит Ықыласов.
Жерлестерінің жанашырлығы арқасында мүмкіндігі шектеулі отбасы жайлы баспанаға қол жеткізді деп жазады ҚазАқпарат. Жаңа үйге кірген О.Науқанбаев жанашыр жандарға алғыс айтты.
[caption id="attachment_80682" align="alignnone" width="799"]
үй[/caption]
Фото: ҚазАқпарат