«Патшалық дәмдеуіштерден» жасалған шай қандағы қант пен холестеринді төмендетеді
«Патшалық дәмдеуіштерден» жасалған шай қандағы қант пен холестеринді төмендетеді
470
оқылды

«Патшалық дәмдеуіштерден» жасалған шай қандағы қант пен холестеринді төмендетеді

Осы табиғи өнімдердің атаулылары - зімбір және насыбайгүл. Ғалымдардың айтуынша, екі өсімдік те жалпы денсаулыққа пайдалы әсер етеді. Олар қабынуға, саңырауқұлаққа, вирусқа пен бактерияға қарсы және ауырсынуды жеңілдететін қасиеттерге ие. Құрамында әртүрлі қосылыстардың көп болуына байланысты зімбір мен насыбайгүл медицинада жиі  қолданылады. Соңғысы тіпті, «Патшалық дәмдеуіш» атағын алып үлгерді. зімбір Көптеген зерттеу нәтижелері зімбірдің қандағы қант деңгейін бақылауға көмектесетінін және инсулинге төзімділікті төмендететінін дәлелдеді. Сонымен қатар, ол насыбайгүлмен бірге қан тамырларын қажетсіз холестериннен тиімді түрде тазартады және триглицеридтерді қаннан тазартады, деп хабарлайды aikyn.kz тілшісі Food.News ақпаратына сүйеніп. насыбайгүл Ғалымдардың айтуынша, насыбайгүл сығындысы қатерлі ісіктің алдын алады және тоқтатады. Сонымен қатар, бұл жүрек-қантамыр жұмысын реттеп, бронхит пен асқазан жарасына көмектеседі. Жоғары денсаулық кепілі ретінде, жақсы  нәтижеге жету үшін дәрігерлер екі өнімнен де шөп шайын дайындауға кеңес береді. Айта кетейік,  шие ағзадағы қанттың көп мөлшерін жеңуге көмектеседі. Және де жидек қанды жинақталған «қалдықтардан» - токсиндерден, холестерин мен глюкозадан тазарта алады. Бұл мақаламыз сізге ұнаса, әлеуметтік парақшаңызға бөлісе кетіңіз. Және достарыңызға бұл пайдалы ақпаратты айтуды ұмытпаңыз! Қосымша сұрақтарыңыз болса, міндетті түрде пікір қалдырыңыз.