Алма-Арасан шатқалы өртеніп жатыр
Алма-Арасан шатқалы өртеніп жатыр
5,200
оқылды

Алма-Арасан шатқалында жолдың жоқтығы өртті сөндіруде қиындық тудырды. 

«Бүгін 21 қазан күні таңғы сағат 5:46-да Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің табиғи өрттерге жедел әрекет ету жасағы экопосттың жоғары жағындағы Алма-Арасан шатқалына шақыру бойынша жоғары деңгейге жіберілді. Кіру жолдарының жоқтығынан жасақ жаяу жүрді. Оқиға орнына жеткенде таудың басында, 1,5 гектар аумақта қураған ағаштар мен шыршалар жанған. Бірден Солтүстік, оңтүстік-шығыс және батыс жағынан 3 өрт сөндіру алаңы орналастырылды. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін «Ермак» өрт сөндіргіш құралы қолданылды»,– деп хабарлады ТЖД.

Бүгін сағат 08: 02-дегі жағдай бойынша шатқалдың оңтүстік-шығыс пен батыс жағы өрттен оқшауланды. Өртті сөндіруге 71 қызметкер жұмылдырылды. Олардың ішінде 30 өрт сөндіруші, 7 техника бар. Өрт ошақтарын сөндіру әлі де жалғасып жатыр.