Күдіктінің қазасы: Даниал Ахметов полицейлер жазадан құтыла алмайтынын айтты
Күдіктінің қазасы: Даниал Ахметов полицейлер жазадан құтыла алмайтынын айтты
204
оқылды

Ауылда мал ұрлығына қатысты күдіктінің өліміне полиция қызметкерлері кінәлі деген дерек бойынша тергеу басталған.

Облыс басшысы тергеу бөлімінде қайтыс болған Азамат Оразалының отбасына көңіл айтты.

«Марқұмның ата-анасы мен барлық туған-туыс, бауырларына қайғырып көңіл айтамын. Бұл оқиға Үкімет басшысының жеке бақылауында», – деді Даниал Ахметов.

Үржарға арнайы келген облыс басшысының айтуынша, облыста полиция департаментінің бастығы мен облыс прокурорының тікелей қадағалауымен арнайы топ жұмыс істеп жатыр.

«Тергеу заң аясында ашық, жария түрде жүргізіледі. Үржар ауданына тағы да келемін. Қылмыскерлер заң бойынша тиісті жазасын алады. Менімен кездесуге келген Қаратұма және Мақаншы ауылындағы ақсақалдар мен тұрғындардың басты өтініші жерде қалмайды», – деді Ахметов.

  https://www.instagram.com/tv/CGkJtuZALEl/?utm_source=ig_web_copy_link Айта кетейік, біз бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында тергеу бөлімінде күдіктінің қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.