Өз баласын буындырып өлтірді
Өз баласын буындырып өлтірді
241
оқылды

Алматыда ер адам баласын буындырып өлтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 24 қазан күні таңғы сағат 6 кезінде InterContinental қонақүйінде болған. Фойеде айқай шығып, артынша әйелдің жылаған даусы естіледі. Соңынан оның күйеуі баласын буындырып өлтіргені белгілі болған.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу қажеттілігі үшін әзірге басқа ақпарат жария етілмеген.