Ресейлік UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов американдық күрескер Джастин Гэтжимен жекпе-жек үшін алты миллион доллардан астам ақша тапты, деп хабарлайды Sports Daily.
Сенбі күні Нурмагомедов Гэтжиді тұншықтыру тәсілімен жеңіп, үшінші рет жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атағын қорғап қалды. Жекпе-жектен кейін чемпион кәсіпқой спортпен қоштасатынын мәлімдеді.
Дереккөздің хабарлауынша, UFC Нурмагомедовқа Гэтжимен болған жекпе-жегі үшін алты миллион доллар төледі. Ресейлік чемпион сонымен бірге "кештің қойылымы" үшін 50 мың доллар бонус алды. Спортшыға жекпе-жек алдында түрлі іс-шараларға қатысқаны үшін тағы 40 мың доллар төленді.
Бұған дейін Нурмагомедов кіріс деңгейі бойынша Instagram әлеуметтік желісінің ең табысты жұлдыздарының үздік ондығына кіргені туралы хабарланған болатын. Forbes ақпараты бойынша, 2019 жылдың 1 мамырынан бастап ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін ресейлік жауынгер өзінің аккаунтындағы жарияланымдардың арқасында 600 мың доллар тапқан.