Жастар – кадр резервінде
Жастар – кадр резервінде
318
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пре­зи­­денттік жастар кадр­лық резервін жасақтау­ды тап­сырған болатын.

Өз саласында белгілі бір же­тіс­тікке жеткен қазақ­стан­дық­тар кадрлық резервке кіріп, жоғары мемлекеттік және басқарушы лауазымдарға тағайындалуы мүмкін. Прези­денттік жастар кадр­­лық резервіне өткен үміт­кер­лер лауазымды қыз­­метке орна­ла­суға мүмкіндік алады.

Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастырудағы мақ­сат — құзыреті жоғары жаңа фор­маттағы көшбасшыларды дайындау. Іріктеуге қатысуға 13 212 адам өтінім берген.

Президент Жолдауында айтылған заман талабына сай тиімді мемлекет пен халықпен тиімді кері байланыс орнату. «Халық үніне құлақ асатын мемле­кет» атты тұжырымдаманы іске асыру. Жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу.

Үздік әлемдік тәжірибе негі­зінде Президенттік жастар кадр­лық резервіне іріктеу ар­найы pkrezerv.kz онлайн-плат­фор­ма­сын пайдалану арқылы жүзе­ге асырылады. Бұл процестің то­лы­ғымен ашықтығын және адам факторын болдырмауды қа­мтамасыз етеді.

Президенттік жастар кадр ре­зер­віне іріктеудің алдағы ке­зең­дері қызметтің тиісті бағыт­тары бойынша жоғары білікті сарапшылармен, сондай-ақ кан­­­дидаттардың құзыретін анық­­­тау үшін арнайы оқудан өт­кен сертификатталған баға­лау­шылармен, кәсіби супер­визорлармен бағаланады.

Кандидаттарды бағалау кезе­ңінде шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін салалық сарапшылар, сон­дай-ақ іріктеу процестерінің объективтілігін қадағалай алатын сертификатталған бағалаушылар қатысады.

Президенттік жастар кадр ре­зервінің бастапқы үш кезеңі аяқ­­талды. Нәтижесінде, 549 қа­ты­­сушы іріктеудің келесі кезеңі – «Әлеуетті бағалауға» сәтті өтті.

Президенттік жастар кадр ре­зерві жастарды ілгерілету үшін тиімді әлеуметтік лифт болмақ және мемлекеттік қызметті сапа­лы жаңа деңгейге шығарады.

Президенттік жастар кадр резервін құру мемлекеттік мін­дет­терді шешу үшін мүлдем жаңа жастардың әлеуетін пайда­ла­нуға мүмкіндік береді.

Жуырда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері «Прези­­­денттік жастар кадрлық ре­­зерві» жобасын Сингапурда та­­ныс­­тырды.

Азия-Тынық мұхит аймағы­ның 9 елдері, соның ішінде, Қытай және Үндістанның қатысуымен өткен 8th Temasek Foundation International Governance & Public Administration Programme бағдар­ла­ма барысында жаңа жобаның ар­­тықшылығы айтылды. Қаты­су­­шыларды Президеттік жас­тар кадр резервін құру, іріктеу үр­діс­­тері мен олардың ашықтығы, Қазақ­станның талантты жастар­ды мемлекеттік қызметке тарту бо­йын­ша тәжірибесі қызық­тыр­ды.

Сингапур премьер-министрі кеңсесінің лауазымды тұлғасы Лим Пуай-Се Президенттік жас­тар кадрлық резервін қалып­тастырудың өзектілігін айтты. Оның айтуынша, Президенттік жастар кадр резервін құру ба­ры­сында резервистердің бас­та­малары мен жобаларын, мемлекеттік басқарудағы жаңа тәсілдерін мемлекеттің дамуы игілігіне енгізе отырып, олардың әлеуетін кеңінен қолдану қажет.