«Сөзіңе жауап бересің» – әкім сапасыз жол проблемасын айтқан блогерді жауапқа тартпақ
«Сөзіңе жауап бересің» – әкім сапасыз жол проблемасын айтқан блогерді жауапқа тартпақ
190
оқылды

Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Шығыс Қазақстан облысында блогер Александра Осипова Instagram-дағы парақшасында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омармен жазысқан хабарламаның скриншотын жариялады. Скриншотқа қарағанда, қала әкімі сапасыз жолдарға шағымданған хабарламаға «сөзің үшін жауап бересің» деп жазған. Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желілердегі хабарламаға қатысты пікір білдірді.

«Әлеуметтік желіде ешқандай фактілерге немесе дәлелдерге емес, тек эмоцияларға негізделген хабарлама тарады. Мені екіжүзді адам деп санағаны мені қорлау деп санаймын. Әрине, мен мұндай дәлелсіз және ар-намысымды қорлайтын сөздерді былай қалдыра салмаймын. 

Мен ол адамға қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатынын айтқанда, ол мұны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ұстануға шақыру емес, оны қорқытып жатыр деп түсінді. Мен әрқашан негізі бар шағымдарды тыңдауға дайынмын. Бірақ сіздер сияқты мен де мені біреудің эмоцияға беріліп, қорлауына жол бермеймін», ­– дейді қала әкімі Жақсылық Омар.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Жақсылық кімге «жақсылық» жасады?" деген мақала жарияланған болатын.