Алматыдан іздеген қаруды Жамбылдан тапты
Алматыдан іздеген қаруды Жамбылдан тапты
168
оқылды

Биыл 14 қазанда «Браконьер» жедел - алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Талас ауданы полиция бөлімінің лицензиялау-рұқсат беру қызметінің қызметкерлері ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы тобымен бірлесіп, Талас ауданы Ақкөл ауылдық округінің «Тараз-Ақкөл-Тоғызкент»  көлік жолында 22 жастағы тұрғынның басқаруындағы  «TOYOTA PRADO»  маркалы автокөлігін тоқтатты.

Темір тұлпарды  тексеру барысында артқы жолаушылар орындығында оптикалық көздегіші мен патрондары бар аңшылық шолақ мылтық табылды. Алдын ала тексеру барысында бұл қару Алматы қаласы Алмалы ауданында 2016 жылдан бері қылмыстық іздеу санатында тұрғаны белгілі болды.  Аталған дерекке қатысты  ҚР ҚКнің 287-бабы 3-бөлігі (атыс қаруын (тегіс ұңғылы аңшылық қарудан басқа), оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баллистикалық сараптама тағайындалды.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы