Жабайы аңдардың адамға шабуылы көбейгендіктен, Жапония үкіметі шұғыл жиын өткізді, – деп жазады 24.kz.
Жапонияның қоршаған орта министрлігінің мәліметінше, қыркүйектен бері аюлар 63 адамды жарақаттады. Оның екеуі қайтыс болды.
Орманды қорғау қоғамының президенті Юко Муротанидің айтуынша, аюлар жейтін азық таппаған соң, халқы аз елдімекендерге жиі келетін болған. Ауыл адамдары аюларға тамақ бермеген жағдайда аюлар адамдарға шабуылдайды.