Қазақстанның бірқатар өңірінде боран соғып, көктайғақ болады
Қазақстанның бірқатар өңірінде боран соғып, көктайғақ болады
144
оқылды
Ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде боран соғып, көктайғақ болады, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 28 қазанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Нұр-Сұлтанда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысында түнде қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Көкшетауда 28 қазанда түнде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Өскеменде 28 қазанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с күтіледі. Семейде 28 қазанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады түнде күші 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанайда түнде және таңертең 28 қазанда жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады түнде күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қарағанды облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қарағандыда 28 қазанда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 28-30 қазанда Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.