Әуежайдан қашпауға кеңес берді
Әуежайдан қашпауға кеңес берді
215
оқылды

Көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов шетелден келетін қазақстандықтарға әуежайдан қашпауға кеңес берді. Оның айтуынша, қашқан жолаушыны табу аса қиын емес.

«Қауіпсіздік шараларына қарамастан түсіністік таныта бермейтін азаматтар бар. Жуыр­­­да екі жолаушы әуе­жай­дан қашып кетті. Олардың жеке мәліметтері бізге белгілі болғандықтан, олардың қайда екенін анықтау қиын болмады. Осыдан кейін оларды тауып алып, екі­күндік карантинге жатқыздық», – деді Сәдуақас Байғабылов Орталық комму­никация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, ұсталған азаматтар карантин стацио­­нарында ПТР-тест тапсырған. Көліктегі бас сани­­тар елге келетін жолау­шыларға қаш­қын жо­лау­­шылардан үлгі алмауға шақырды. Себебі әрбір жо­лаушы туралы жеке мәлі­­­мет ақпараттық жүйе­­лерге ен­­­гізілетін ақпараттық дерек­қорда тұр. Кез келген жолау­шыны табу оп-оңай. Оның айтуынша, ПТР-тесті нәтижесі туралы анық­­тамасы жоқ жолау­шыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салу туралы шешім тек ше­телдік азаматтарға қатысты. Ал шетелде жүрген Қазақстан азамат­­тарының әуе рейстерімен ПТР-тесті­леу­ден өткені туралы анықтамасы бол­маса да Отанына оралуға құқы бар. Мұндай жағдайда Қазақстанға келгеннен кейін қазақ­стандықтар ПТР-тестілеу нәти­жесін алғанға дейін карантинге ор­­на­­лас­ты­­рылады. Айта кетейік, Қазақстанның ішкі әуе рейстерінде ұшу кезінде ПТР-тест нәти­жесі туралы анықтама талап етіл­мейді.

 Айдана БЕГІМ