Көлік жөндейтін орталықта жанып кеткен 12 көліктің шығынын кім өтейтіні әзірге белгісіз
Көлік жөндейтін орталықта жанып кеткен 12 көліктің шығынын кім өтейтіні әзірге белгісіз
225
оқылды

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды бір сағаттан кейін сөндірген, ­– деп хабарлайды AstanaTV.

Өрттен бір адам зардап шеккен. Жеңіл күйік жарақатын алған орталық қызметкері осы уақытта ауруханада жатыр. Өртенген 12 автокөліктің 9-ы көлік жөндейтін орталық ішінде болған. Сараптама нәтижесінен кейін өртенген мүлік шығынын кім өтейтіні белгілі болады.

Өрт сөндіру қызметінің басшысы Руслан Қасыбаев: «Өртте 12 автокөлік өртеніп кетті. Зардап шеккен бір азамат бар. Осы жерде жұмыс жасайтын қызметкер. «Технический ожог» алып ауруханаға жеткізілді. Өрт орында пожарная лаборатория жұмыс істеп жатыр. Болжам бойынша, өрт электр тогының қысқа тұйықталуынан шыққан», ­– дейді.