Дәрігерлер өңешінде тиын тұрып қалған баланы аман алып қалды
Дәрігерлер өңешінде тиын тұрып қалған баланы аман алып қалды
397
оқылды

Облыстық   көпбейінді балалар ауруханасында ойнап отырып  тиын жұтып қойған баланың  1 сағаттан соң тыныс алуы қиындап, жағдайы нашарлай түседі.

Өкпе жасушаларын түсірген  рентгенография қорытындысы өңештің жоғарғы жағында бөгде заттың тұрғандығын көрсетеді.  Шұғыл түрде  Фолея (Испания) катетері (резеңке түтік) қолданылып,  2-3 см үрленетін 2 қуысты силиконды түтікті дене қуысындағы заттарды босату, дәрілік заттарды енгізу, шаю немесе оларды өткізу мақсатында сыртқы ортамен  байланыстыратын резеңке түтікпен балаға жалпы наркоз салынады. Бұл әдісті дер кезінде қолданбаса  денеге жабысқан затты алу қиынға соғады. Хирург Нұртуған  Әлқуатов  пен  Әлімжан  Әлкенов жоғарыда аталған әдісті қолдана отырып,  баланың өмірін сақтап қалды.   тиын, бала, өңеш, Тараз Дәрігерлер  ата-аналарға  барынша сақ болып, балаларын қараусыз қалдырмай, оларға көбірек уақыт бөлуді және  ұсақ  заттарды балалардың қолы жетпейтін жерге қою керектігін  ескертеді.

Осылайша, жамбылдық дәрігерлер өңір медицинасында қолданылып келе жатқан тың әдіс арқылы адамның өмірін ажалдан арашалап, халықтың алғысына бөленіп отыр.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы