«IITU Robocon Games» чемпионаты үздіктерді анықтайды
«IITU Robocon Games» чемпионаты үздіктерді анықтайды
342
оқылды

30-31 қазанда елордада оқушылар арасында робототехникадан «IITU Robocon Games» бесінші республикалық чемпионаты өтеді.

Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау қалаларының 30 үздік мектеп командалары робототехника саласындағы чемпион атану үшін бір сайыс алаңа жиналады. Бес ай бойы 30 мектеп өкілдері Arduino микроконтроллер негізінде екі роботты әзірлеумен айналысты, олардың негізгі мақсаты белгілі бір уақыт ішінде ойын алаңында берілген командаларды орындау, атап айтқанда: ақылды қала қызметіне көмектесу, нақтырақ айтқанда, қала тазалығын сақтау, саябақтардағы, шағын бақтардағы гүлзарларды күту, тез дайындалатын тағамдарды жеткізу, жүргізушісіз такси және гид қызметін көрсету.

– Оқушылар арасындағы «IITU Robocon Games» жарысы дарынды жастарды анықтап ғана қоймай, робототехниканы дамытып, робот жасаудың халықаралық стандарттарына жақындатуға мүмкіндік береді»,–деді Инновациялық техникалық колледжінің директоры Медет Тұрғамбаев.

Arduino негізіндегі роботтарды жасау балаларға роботтарды құрастыру, электрониканы пайдалану және бағдарламалау дейінгі толық циклын үйретеді. Мұндай өңдеу Lego EV3 конструкторы негізінде роботтарды құрастырудан әлдеқайда күрделі және STEM-білім беру қағидаларына сәйкес келеді (S – science, T – technology, E – engineering, M – mathematics, яғни жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерия, математика). Қазақстандағы STEM-білім беруді дамыту «Шеврон» компаниясының басты мақсаттарының бірі. «Биылғы жылы біз Қазақстан Республикасымен табысты ынтымақтастықтың 26 жылдығын атап өтудеміз. Осы жылдар ішінде біздің әлеуметтік инвестицияларымыз ел азаматтарының әлеуетін дамытуға жұмсалды. Нақтырақ айтсақ, біз бірнеше жыл бойы техникалық білім беруді дамыту жөніндегі бағдарламаларымыздың ажырамас бөлігі «IITU Robocon Games-ке» де демеушілік жасалды»,–деді «Шеврон» компаниясының өкілі Жанар Қошпанова.

Бес жыл ішінде робот жасау бойынша чемпионат жас қазақстандықтардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына өз үлесін қосты. Жарыстың көптеген қатысушылары қазақстандық және шет елдік жетекші ЖОО-на түсті. Чемпионатқа әр түрлі жастағы мектеп оқушылары қатыса алады және өздерінің ерекше роботтарын жасау кезінде қатысушыларда soft skills дағдылары қалыптасады.

Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтар, сондай-ақ Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінде (ХАТУ) және Astana IT university-де (AITU) оқуға гранттар мен жеңілдіктер алады.