Өтемақы төленбесе, дәрігерсіз қаламыз – депутат
Өтемақы төленбесе, дәрігерсіз қаламыз – депутат
205
оқылды

Бұл мәселе туралы AstanaTV хабарлады.

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Үкіметке осындай ұсыныс айтты. Оның айтуынша, егер өтемақы төленбесе, коронавирустың таралуы қарқыны күшейген кезде  ауруханада дәрігер қалмауы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, енді тек кәсіподақтар мен жергілікті атқарушы билік қана дәрігерлерге қолдау көрсете алады.

Азат Перуашев: «Кәсіподақтар емделу үшін 3 айлық еңбекақыдан артық ақша төлей алмайды. Оның үстіне, короновирус бір адамға ғана жұқпайды, бүкіл отбасына тарайды. Мұндай кезде ол ақша тіпті дәрі-дәрмек пен тамаққа да жетпей қалады. Ал жергілікті бюджетте мұндай шығын атымен жоқ, яғни төлем қарастырылмаған», – дейді.