Мамлютка қаласында балалар жаппай коронавирус жұқтырды
Мамлютка қаласында балалар жаппай коронавирус жұқтырды
5,164
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысында балалар жаппай коронавирус инфекциясын жұқтырды. Қауіпті індет Мамлют санаторлық мектеп интернатындағы 19 баладан анықталған, - деп жазады 24.kz. Бұл жайында аудан әкімінің орынбасары Алмагүл Рамазанова әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Ақпаратты тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау басқармасының басшысы Зейнеп Биккина растады. Қазір індетке шалдыққан оқушылар арнайы медициналық блокқа жатқызылды. Сабақтар кестеге сай жүріп жатыр. Жалпы бұл облыстағы туберкулез ауруына қарсы ем қолданатын жалғыз білім ошағы. Ол 200-ден астам оқушыға шақталған.