Кадрлық резерв ережесі түсіндірілді
Кадрлық резерв ережесі түсіндірілді
323
оқылды

Түлкібас ауданында партияның кадрлық резервіне іріктеу жұмыстары пилоттық режимде жүріп жатыр. Осыған орай, Түркістан облысы Түлкібас ауданы Nur Otan партиясы филиалында «Партия кадрлық резервіне іріктеу» тақырыбында брифинг өтті.

Брифингте аудандық партия филиал төрағасының бірінші орынбасары Асланбек Нұранов партияның кадрлық резервіне іріктеуге қатысуға өтініштер беру және партияның ядролық электоратын қалыптастыру ережелерімен таныстырды. Сондай-ақ, брифингке облыстық филиал төрағасының Бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев та қатысып, пилоттық жобаның ерекшелігі туралы түсіндірді.

Партияның кадрлық резервіне іріктеу тек пилоттық режимде Түркістан облысы, Түлкібас ауданында өткізіледі. Өтініштер 2019 жылдың 28 қазанынан 4 қарашасына дейін қабылданады. Іріктеуге сотталмаған және Түлкібас ауданында тұратын 20 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Кадрлық резервке тек партия мүшелері ғана емес, сонымен қатар Nur Otan партиясының қатарына қосылуға ниет білдірген азаматтар да өтініш бере алады.

Партия жұмысын «қайта жүктеу» бағдарламасының алғашқы импульсі – «ядролық электораттың қалыптасуы» болып отыр. «Ядролық электорат» дегеніміз – бұл халықтың және партияның мүдделерін, жаңа көзқараспен, елдің өмірі мен біздің азаматтарымыз үшін қамқорлықпен қарайтын адамдарды қорғауға қабілетті партия мүшелері.

Партияның кадрлық резервіне таңдау партияның ядролық электоратының қалыптасуындағы алғашқы қадам. Қазіргі таңда Түлкібас аудандық партия филиалында 6008 партия мүшесі, 23 бастауыш партия ұйымы, 16 мәслихат депутаты бар.

Атап өтейік, тамыз айында Елбасы, Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Саяси Кеңестің кеңейтілген отырысында «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» – Nur Otan партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын ұсынған.