Тұман түсіп, көктайғақ болады
Тұман түсіп, көктайғақ болады
146
оқылды

Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысы аумағында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, көктайғақ болжанады, түнде жел 15-20 м/с артады. Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі. Тәулік бойы Маңғыстау, Атырау облыстарында, күндіз Түркістан облысында желдің күші 15-20 м/с артады. Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрады.

Батыс Қазақстан, Қарағанды, түнде Алматы, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.