Интернет нашар болса, операторға – айыппұл
Интернет нашар болса, операторға – айыппұл
207
оқылды

«Енді интернет сапасы артуы мүмкін. Солай болсын деген үміт пен сенім басым. Күні кеше Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет сапасы нашар болса интернет-провайдерлер мен опе­раторларға айыппұл салынатынын айтты.

«Интернет сапасы бойынша қызмет көрсететін кейбір провайдер немесе оператор үшін параметрлерді бекітеміз. Сапа параметрлерін орындамайтындарға айыппұл салынады. Айыппұл қазіргідей 100 АЕК емес, бірнеше есе ұлғаяды», – деді Мусин Орталық коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде. «Әрине, біз барлық қалада белгілі бір проблема бар екенін түсінеміз. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентке жол картасын бекіттік, әкімдіктер бізге жеке серіктестіктерді тауып беруге көмектесіп жатыр. Біз өз тарапымыздан радиожиілікті реттейміз. Тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр, қандай да бір қолайсыздық туғызған болсақ, кешірім сұраймыз», – деп қосты министр.