Мұғалімдер кешіккен үстемеақыны 10 қарашаға дейін алатын болды

Мұғалімдер кешіккен үстемеақыны 10 қарашаға дейін алатын болды

Білім беру басқармасы хабарлағандай, министрлік тарапынан осы мақсатта республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлу мәселесі қарастырылып жатыр.

«Педагогикалық ставкалардың артуына байланысты тапшылық пайда болды. Бұл мақсатта бөлінетін қаражат республикалық бюджеттен қарастырылады» делінген ресми хабарламада.

Алматыда 8100 мұғалім жергілікті бюджеттен 25 пайыздық қосымша үстемеақы алды. Одан бөлек 15 мың мұғалімге үстемеақы төленбеген болатын. Қалалық басқарма республикалық бюджеттен қаражат бөлу туралы өтінім жіберді.

Министрлік тарапынан өтінімді мақұлдады. 10 қарашаға дейін барлық мұғалімдер тамыз-қыркүйек айындағы үстемеақысын алады.