Мамуновтың масқарасы
Мамуновтың масқарасы
190
оқылды
Бүгінде адамдарға сенуден қаласыз, бірі алаяқ, бірі ‒ өтірікші, бірі ‒ жылтыр, бірі ‒ сылдыр, бірі құшақтап тұрып, арқаңды айбақ-сайбақ тырнайды. Кейбірі іші-бауырыңа кіріп кетіп, өз өлеңін жырлайды. Сонда да, адамдар оларға сенеді, сенбесе де, алдына мың мәрте келеді... Жәй адамдарды қойшы, Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Расул Мамуновтің өзі сары майдай еріп сөзі, жылт-жылт етіп көзі, алаяқ болып шықса, айдаладағы сары құмға барып, басыңызды жасырып, тоңқая қалатын шығарсыз? Оу, ол әкімнің орынбасары емес пе? Оны басшы қалай қызметке алды екен? Алаяқтарды жәй адамдардан қалай ажыратуға болады? Мысалы, олардың көздеріне тура қарасаң, жанарларын тайдырып, қипақтап кететін шығар. Қызметке  аларда, шақырып алып, «Қане, менің көзіме тура қарашы?» деп талап ету керек пе, әлде? Қалай болғанда да Расул мырза бұл сынақтан да сырғанап өтіп кететін шығар? Расул мырза, өзіне ырза, бір күні жемқорлықпен істі болып, түрменің түкпірінде түнеріп отыратын болған Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжановтың әйелімен оңаша кездесті.Қатырасыз ба? ‒деп сұрады экс әкімнің әйелі.Қатырамын.Алдап кетпейсіз бе?Алдасам, автол ішейін.Қойыңызшы.Ой, менің таныстарым түрменің тас-талқанын шығарады. Керек болса, түрмеге жеткізбей, бостандыққа шығарып, алдыңызда айран ішіп отыратын болады.Ол айран ішпейтін еді.Мейлі ғой, қазы-қарта жеп отырады, «Расулға басымды ием!» деп отырады.Құдай-ай, солай болмаса да, жазасы жеңілдесе екен. Қанша сұрайсың?Олай емес, былай емес, қысқасы, жазаны жеңілдету  оңай емес.Сонда да?Бір миллион екі жүз мың доллар.Береміз, біз бейбақ артыңыздан ереміз, Ересіздер ғой?Ойбай, тек сізге ғана сенеміз!Онда долларды алып, күні ертең келіңіз, «Мә, мә!» деп өзіме ғана беріңіз! Олар келді. Беретіндерін берді. Беріп тұрып, басы быламық, іші ірің адамға сенді. Апта өтті, Ахметжанв әлі отыр. Изоляторда. Тағы бір ай өтті. Ахметжановтың әйелі оған тағы келді.Сәлеметсіз бе? Болатын болды ма?Болады, менің адамдарым любой нәрсені орады.Уақыт уайымнан  палау жегізіп жатыр.Қатырамыз!Қатырасыз ғой?Пәлекетті кетпен таудан асырамыз!Жаза жеңілдейді ғой?Жасатамыз, біраз адамдарға тасадан тас атамыз! Ахметжановтың әйелі қуанып кетіп қалды. Ал алаяқ, бір бармағын бүгіп, былай... нетіп қалды. Бірақ, Ахметжановтың жазасы жауыр болды, ашығын айтсақ, өте ауыр болды.. Құтқаруға ойы да болған жоқ, астына қос көлік сатып алып, астанадан қымбат пәтердің кілтін сұқ саусағында шыр айналдырды. Бұрынғы әкімнің әйелі тағы сұрады. Бұл жолы ашуланып, құлағынан бұрады.Адам емес екенсіз!Адаммын!Адал емес екенсіз!Адалмын!Уәдеңіз қайда?Ұшып кетті, айға...  Бәрінен де қызығы, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин алаяқтықпен айыпталған орынбасарын өз кабинетінде жәбірленуші тараппен беттестіріпті де! Қылмыстық дауға аймақ басшысы неліктен араласып, неліктен қызыға қалды екен? Өзгенің жазасын жеңілдетемін деп пара алып, қос бірдей көлікке қол жеткізген Расул Мамунов бүгінде  түрменің тары көжесін ішіп отыр. Енді солай ғой,  он екі жыл  бостандығынан айырылып, мүлкі де тәркіленді. Ее, Құдайым-ай, адамдар тыныш жүрсе қайтеді екен, а?

Жаныстың ЖАТЫПАТАРЫ