Қызылордада жаппай веломарафон өтті
Қызылордада жаппай веломарафон өтті
269
оқылды
Қызылорда облысының Спорт басқармасы мен жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өткен велошеруге 50-ден астам велошабандоз, спорт әуесқойлары және қала жастары қатысты. «Jas Otan» ЖҚ белсенділері ұйымдастырған марафон «Сыр Ана» алаңынан басталып, Сұлтан Бейбарыс, Тәуелсіздік көшелерімен жалғасып, «Еуразия» спорт кешенінде аяқталды. Белсенділер қаланың басты көшелері мен көрікті жерлерімен жүріп өтіп, қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын тағы да еске салды.  width= Велошеруге қатысушылардың бірі СӨС жақтаушыларының саны артып келе жатқаны қуантатынын атап өтті.
«Велосипед – экологиялық таза көлік құралы. Біздің қалада велосипедпен жүретін тұрғындар саны өсуде. Демалыс күндері спортпен шұғылдануға кеңес беремін, – дейді әуесқой спортшы Болат Ешмұратов.
Ұйымдастырушылар іс-шараның басты мақсаты спорттық жарыс емес, салауатты өмір салтын насихаттауға және жастардың назарын белсенді дене шынықтырумен, атап айтқанда велосипед спортымен айналысуға аудару екендігін атап өтті. Веломарафонға қатысушылар тарапынан бұқаралық спортты дамытуға бағытталған шараны жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу ұсынылды. Айта кетейік, велошеруге қатысушыларымен маска режимі және әлеуметтік қашықтық шаралары сақталды.