Монакодағы компания басшысы Қазақстандағы шенділерге пара бергенін мойындады
Монакодағы компания басшысы Қазақстандағы шенділерге пара бергенін мойындады
5,130
оқылды

Монакода орналасқан компанияның бұрынғы басшылары Сирус Ахсани және операция бойынша басшы Саман Ахсани Қазақстандағы шенеуніктерге пара бергендерін айтып, өздерінің айыптарын мойындады.

АҚШ Әділет министрлігі хабарлағандай олар бірқатар елдердегі лауазымды тұлғаларға миллион доллар пара берудегі жемқорлық схемасына араласқан. «Олардың қатарында Алжир, Ангола, Әзірбайжан, Конго Демократиялық Республикасы, Иран, Ирак, Қазақстан, Ливия және Сирия бар. Компанияның бизнесті дамыту бойынша бұрынғы басшысы Ливияда пара бергенін мойындады», - деп хабарлайды АҚШ Әділет министрлігі.

Екі менеджер де Ұлыбритания азаматы, Сирус Ахсанидың АҚШ-та тұруға ықтиярхаты бар. Менеджерлер аталған елдердегі лауазымды тұлғаларға 1999-2016 жылдары пара беріп келген. АҚШ Әділет министрлігінің ақпарынша компания энергетика секторында қызмет көрсеткен.