Адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен 24 жастағы жүргізуші ұсталды
Адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен 24 жастағы жүргізуші ұсталды
202
оқылды
Жолдан өтпек болған ауылдың 48 жастағы тұрғынын белгісіз автокөлік иесі қағып, оқиға орнынан ізін суытқан. Автокөлік Қызылордадан Шымкент қаласына бара жатқаны белгілі болды. Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан азаматша түрлі дене жарақатын алған. Қазір ауруханада.
«Патрульдік полиция рота қызметкерлері жедел іздестіру жүргiзді. Нәтижесінде сол аудандағы Бәйгеқұм елді мекенінің тұсында жүк тасымалдайтын «ГАЗель» автокөлігіне «Mercedes» автокөлігін тиеп жатқан жүргізуші ұсталды. Ол Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауылының 24 жастағы тұрғыны болып шықты», – деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.