Қазақстандық вокалист Оксана Устина Бірінші арнадағы "Голос" шоуында сәтті өнер көрсетті.
28 жастағы әнші "Драмы больше нет" әнін орындады. Терең дауыс, күшті вокал және эмоцияға толы қойылым Валерий Сюткинді, Полина Гагаринаны және Сергей Шнуровты таңғалдырды.
Гагарина мен Шнуров отандасымыз үшін таласып қалды. Нәтижесінде қазақстандық әнші "Ленинград" тобының көшбасшысын таңдады.
Оксананың айтуынша, ол бала кезінде базарда жұмыс істеген. "Менің анам кәсіпкер болған, нарықта бізде бірнеше нүкте болды. Киім сатып, таңертең сүт тасымалдайтынбыз", – деді ол.
"Менің ата-анам ән айтуға қарсы болды. Мектепте жасырын түрде вокал сабақтарына ақша жинадым. Мен әрқашан супер жұлдыз боламын және Мәскеуде тұрамын деп айтатынмын", – деп мойындады Оксана.
Оксана Устина 1992 жылы 23 сәуірде Зырян қаласында (Шығыс Қазақстан облысы) дүниеге келген. 2010 жылы Алматыда "Жұлдыздар фабрикасының" финалисті атанды. 2014 жылы X-Factor жобасына қатысты.