Голливуд аңызы Шон Коннери қайтыс болды
Голливуд аңызы Шон Коннери қайтыс болды
169
оқылды
Жұлдыздың қайтыс болу себебі жарияланбаған. Әйгілі 007 агенті Джеймс Бонд рөлімен танымал британдық актер Шон Коннери 90 жасында қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz BBC News-ке сілтеме жасай отырып. Жұлдыздың қайтыс болу себептері көрсетілмеген. Алайда бұрын Коннеридің денсаулығына, оның ішінде жүрегіне қатысты күрделі проблема белгілі болған. Сондай-ақ актер қатерлі ісікпен күрескен. Коннери үлкен экранда Бонд рөлін бірінші болып сомдаған, бірден жеті тыңшы триллерінде ойнады. Ол "Оскар", "Алтын глобус" және BAFTA (британдық кино және теледидар өнері академиясының сыйлығы) марапаттарының иегері болды. Сонымен қатар Патшайым Елизавета II рыцарь атағын иеленді. "Қызыл қазан аң аулау", "Индиана Джонс және соңғы крест жорығы", және басқа да фильмдерге түскен. Коннеридің кинодағы мансабы 50 жылға жуық уақытқа созылды, ол 2003 жылы үлкен экраннан кетіп, әйелімен бірге Багам аралдарында тұрды.