Мексиканың орталық аймағында есірткі тұтынатындардың көбейгені байқалды, – деп жазады CNN.
Гуанахуато штатындағы Сальватьерра муниципалитетінде есірткі картельдері арасындағы соғыс кезінде кісі өлтіру оқиғалары жиілеген. Мексиканың ұлттық іздеу комиссиясының басшысы Карла Кинтананың айтуынша, аталған жерден әйелдердің 10 мәйіті табылған. Ал қалғаны, яғни көбі жас адамдардың, тіпті жасөспірімдердің денесі екен.
Хабар-ошарсыз кеткендердің туыстары көтерген дабыл Гуанахуатодағы ең үлкен құпия қабірлердің ашылуына себеп болды. "Бізде оң өзгерістер бар, жұмысты жалғастыра береміз", – деді Карла Кинтана.
Басылым Гуанахуатода осы жылдың қаңтар-тамыз айларында 2 250 кісі өлтіру оқиғасы тіркелгенін жазады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25% -ға көп.